Колледжде 2025–2026 оқу жылының ашылуына және жаңа студенттерді қарсы алуға арналған салтанатты концерт өтті.

Іс-шара барысында колледж басшылығы бірінші курс студенттерін жаңа оқу жылымен құттықтап, сәттілік пен шабыт тіледі. Студенттер мен ұстаздардың орындауындағы әндер, билер және шығармашылық нөмірлер мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Бұл күн – білім мен жастықтың, үміт пен жаңа бастамалардың мерекесі. ALT Педагогикалық колледжі өз студенттерін тағы да бір табысты оқу жылымен қарсы алды!

Skip to content