Колледж туралы

«ALT педагогикалық колледжі» 2022 жылы ашылды (мемлекеттік лицензия № KZ02LAA00032466 10.06.2022 ж.), төмендегідегі  білім беру бағдарламалар бойынша қабылдауды жүзеге асырады:

  • Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
  • Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
  • Дене шынықтыру және спорт
  • Тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
  • Информатика.

Колледж миссиясы-білім беру саласында бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауда жоғары сапалы білім беру қызметтерін ұсыну, білім беру үдерісінде заманауи әдістемелер мен технологияларды қолдану арқылы кадрлық әлеуетті және материалдық-техникалық базаны нығайту.

Пайымдауы-бәсекеге қабілетті мамандарды кәсіби даярлау саласында сапалы білім беру қызметтерін көрсететін Қазақстанда танылған колледж болу.

Колледждің стратегиялық мақсаттары:

  • Білім алушылардың мамандық және тиісті біліктілік алуын қамтамасыз ету;
  • Белсенді өмірлік ұстанымы бар бәсекеге қабілетті, жоғары білікті маман тәрбиелеу;
  • Түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жүйесін дамыту;
  • Колледждің материалдық-техникалық және әдістемелік базасын дамыту;
  • Оқыту сапасын арттыру, заманауи педагогикалық технологияларды игеру;
  • Колледждің білім беру процесінің барлық субъектілерінің денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында денсаулық сақтау білім беру кеңістігін жан-жақты дамыту;
  • Мүдделі тараптардың серіктестік қатынастарын қалыптастыру.