WorldSkills 2026 — бұл тек жарыс емес, кәсіби шеберлікті дамытуға арналған үлкен алаң.
Қатысушылар өз мамандықтары бойынша терең білім алып, практикалық дағдыларын жетілдіреді. Заманауи технологиялармен жұмыс істеп, нақты тапсырмаларды орындау арқылы тәжірибе жинақтайды. Әрбір модуль мен тапсырма олардың кәсібилігін арттырып, жаңа деңгейге көтерілуіне мүмкіндік береді.
Бұл жоба арқылы жастар өз мүмкіндіктерін көрсетіп қана қоймай, халықаралық деңгейде тәжірибе алмасып, жаңа байланыстар орнатып, болашақ мансабына берік негіз қалайды.
ALT Педагогикалық колледжінің атынан бастауыш сыныптарда оқыту құзыреттілігі бойынша 9-ПМНО-23-1к тобының студенті Алимова Алтынай Бакытовна қатысып, Medallion for Excellence иеленді.
Эксперт-компатриот: Пірманова Ақерке Дарханқызы.
Мектепке дейінгі оқыту құзыреттілігі бойынша 11М-ДВО-23-1к тобының студенті Ақан Дарина қатысты.
Эксперт-компатриот: Қырықбай Шұғыла Исланбекқызы.