2026 жылғы 30 қаңтарда Алматы қаласы Білім басқармасының Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында қалалық кәсіби шеберлік байқауы өтті.

Байқау ГНМЦНТО-ның техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі басшысы Гүлнара Жалеловна Сүлейменованың ұйымдастырушылық қолдауымен өткізілді.

Байқау қорытындысы бойынша колледж педагогтері жоғары кәсіби деңгейін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

Колледж намысын қорғағандар:

Жақсын Балнұр Молдағалиқызы – «Тілдер» бөлімшесінің меңгерушісі, физика пәнінің оқытушысы;

Суюнчалина Амина Альжановна – педагогика ғылымдарының магистрі, педагогика және психология пәндерінің оқытушысы.

Екі бағыт бойынша қатысушылар ІІІ орын иеленіп, ІІІ дәрежелі дипломдармен және «Ұстаз» Алматы қалалық жергілікті кәсіподағының ақшалай сыйлығымен марапатталды.

Бұл нәтиже педагогтердің жоғары әдістемелік әлеуетін, заманауи білім беру және цифрлық технологияларды тиімді қолдана білетінін, сондай-ақ олардың тәжірибесінің қаладағы техникалық және кәсіптік білім жүйесі үшін практикалық маңыздылығын дәлелдейді.

Колледж ұжымы байқауды ұйымдастыруға қолдау көрсеткені және педагогтердің кәсіби шеберлігін дамытуға үлес қосқаны үшін ГНМЦНТО ТжКБ бөлімінің басшысы Гүлнара Жалеловна Сүлейменоваға алғыс білдіреді.

Әріптестерімізді лайықты жетістіктерімен құттықтаймыз және алдағы уақытта жаңа кәсіби табыстар тілейміз!

Skip to content