2026 жылғы 9–10 қыркүйек күндері Қазақстан мен Қырғызстанның педагогикалық колледждері арасында онлайн-кездесу өтті.
Кездесуге Қырғызстан тарапынан:
- Т. Эрматов атындағы Бішкек музыкалық-педагогикалық институты;
- И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің Гуманитарлық-педагогикалық колледжі;
Қазақстан тарапынан:
- Shymkent жоғары педагогикалық колледжі;
- Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі қатысты.
Кездесу барысында ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды:
- педагогтер мен студенттердің академиялық ұтқырлығы;
- тәжірибе және үздік педагогикалық практикалармен алмасу;
- бірлескен білім беру жобаларын жүзеге асыру.
Кездесу қорытындысы бойынша білім беру ұйымдары арасындағы серіктестікті одан әрі дамыту туралы келісімге қол жеткізілді.
Алда – жаңа жобалар, жаңа мүмкіндіктер және студенттер мен оқытушылар үшін жаңа көкжиектер!