2026 жылғы 9 қарашада ДС-3 студенттер жатақханасында учаскелік полиция инспекторының қатысуымен профилактикалық кездесу өткізілді.
Кездесу барысында қоғамдық тәртіпті сақтау, жеке қауіпсіздік, құқықбұзушылықтың алдын алу, суық қару мен тыйым салынған заттарды алып жүруге жол бермеу, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүру тәртібі, алкоголь, темекі және энергетикалық сусындардың зияны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Студенттерге Қазақстан Республикасының заңнамасы мен жатақхана ережелерін сақтау, өз қауіпсіздігі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарау қажеттігі ескертілді.