28–30 қыркүйек аралығында колледж директоры Түрлыбекова Ақмарал Салабатқызы Қытай Халық Республикасының Шанхай қаласында Қытай колледждеріндегі білім беру үдерісінің ұйымдастырылуымен танысу мақсатында тағылымдамадан өтті.
Тағылымдама аясында Шанхай баспа ісі және полиграфия колледжі мен Шанхай өнеркәсіптік технологиялар мектебіне сапар ұйымдастырылды. Сапар барысында оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктерімен, мамандарды кәсіби даярлаудың заманауи тәсілдерімен, тәжірибеге бағытталған оқыту әдістерімен және білім беру ұйымдарының қазіргі индустрия талаптарымен өзара байланыс орнату тәжірибесімен таныстық.
Тағылымдама тәжірибе алмасуға, кәсіби көкжиегімізді кеңейтуге және техникалық әрі кәсіптік білім беруді дамытудың жаңа тәсілдерін зерделеуге мүмкіндік берген маңызды тәжірибе болды.
Халықаралық ынтымақтастық, озық тәжірибелермен алмасу және заманауи білім беру шешімдерін енгізу бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау сапасын арттырып, білім беру жүйесін дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады деп сенемін.
Құнды халықаралық тәжірибе алуға мүмкіндік жасаған тағылымдаманы ұйымдастырушыларға және бізді қабылдаған білім беру ұйымдарына шынайы алғысымды білдіремін!
Жаңа білім, жаңа идеялар, білім берудің жаңа көкжиектері!