2026 жылғы 2 қарашада колледж директоры Турлыбекова Акмарал Салабатовна 29 қазанда өткен мини-футбол жарысында І орын иеленген колледж командасын қабылдап, жеңісімен құттықтады.
Қазақстан Республикасы күніне орай Алматы теміржол көлігі колледжінің бастамасымен ұйымдастырылған жарысқа 13 команда қатысып, ALT Педагогикалық колледжінің командасы жеңімпаз атанды.
Команда жетекшісі – Жауынбай Әли.
Кездесу барысында директор студенттерге алғысын білдіріп, алдағы уақытта да жаңа жетістіктер мен жеңістерге жете берулеріне тілектестігін жеткізді.