2026 жылғы 9–10 қыркүйек күндері Қазақстан мен Қырғызстанның педагогикалық колледждері арасында онлайн-кездесу өтті.

Кездесуге Қырғызстан тарапынан:

  • Т. Эрматов атындағы Бішкек музыкалық-педагогикалық институты;
  • И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің Гуманитарлық-педагогикалық колледжі;

Қазақстан тарапынан:

  • Shymkent жоғары педагогикалық колледжі;
  • Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі қатысты.

Кездесу барысында ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды:

  • педагогтер мен студенттердің академиялық ұтқырлығы;
  • тәжірибе және үздік педагогикалық практикалармен алмасу;
  • бірлескен білім беру жобаларын жүзеге асыру.

Кездесу қорытындысы бойынша білім беру ұйымдары арасындағы серіктестікті одан әрі дамыту туралы келісімге қол жеткізілді.

Алда – жаңа жобалар, жаңа мүмкіндіктер және студенттер мен оқытушылар үшін жаңа көкжиектер!

Skip to content