«Жастар арасында интернетке тәуелділік пен құмар ойындардың алдын алу бойынша кешенді жоба» аясында «Senim» оңалту орталығының маманы Абылайхан Ахатұлы ALT педагогикалық колледжінің студенттерімен арнайы кездесу өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында жастарға интернетке тәуелділік пен құмар ойындардың зияны, оның жеке тұлғаның дамуына және қоғамға тигізетін кері әсері туралы маңызды ақпараттар беріліп, пайдалы кеңестер айтылды.
Аталған шара Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, «Сана» зияткер жастар мектебі қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жүзеге асырылды.