Колледжде Тілдер апталығы аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Апталықтың мақсаты – мемлекеттік тілді және өзге ұлт өкілдерінің тілдерін құрметтеуге, тіл мәдениетін сақтауға баулу.

Студенттер дебат, викторина, әдеби кеш және көрме сияқты танымдық іс-шараларға белсене қатысты. Әр шарада тілдің қоғамдағы маңызы мен рухани құндылығы дәріптелді.

Тілдер апталығы – студенттердің шығармашылығын дамытып, ұлтқа деген сүйіспеншілігін арттыратын маңызды мереке.

Skip to content