2026 жылдың 27 ақпанында колледжімізде «Темпераменттер тартысы» атты танымдық-психологиялық сайыс ұйымдастырылды.
Сайыс барысында қатысушылар темперамент түрлері туралы білімдерін көрсетіп, өз шапшаңдықтары мен тапқырлықтарын дәлелдеді. Әр топ өз ерекшелігін таныстырып, белсенділік пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті.
Бұл шара студенттердің психологиялық білімін арттырып қана қоймай, көтеріңкі көңіл-күй мен жағымды эмоция сыйлады.
Педагог-психолог: Шолпанбаева С.Н.