Колледжімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында антикоррупциялық қызмет өкілі Б.С.Төлетаев мырзамен кездесу өтті.

Кездесу барысында студенттерге жемқорлықтың қоғамға тигізетін зияны, заң талаптары мен жауапкершілік туралы маңызды ақпарат берілді.

Іс-шараның мақсаты — жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және адалдық қағидаттарын қалыптастыру.

Адалдық — жарқын болашақтың кепілі!

Skip to content