Маменталиев Алишер жастар мен ересектер арасындағы Қазақстан Республикасы Чемпионатында (U21, +94 кг) 1-орын иеленіп, жоғары дайындық деңгейін, мықты мінезін және нағыз спорттық рухын көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша Алишер Қазақстан Республикасының Ұлттық Құрамасына қабылданып, еліміздің намысын Әлем және Азия Чемпионаттарында қорғайтын болады.
Жоғары жетістігімен құттықтаймыз! Халықаралық аренада сәтті өнер көрсетіп, жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!