2026 жылғы 20 қаңтарда «Бастауыш және мектепке дейінгі білім беру педагогикасы мен әдістемесі» бірлестігінің ұйымдастыруымен «Арт-терапия және STEM элементтерін білім беру үдерісінде қолдану» тақырыбында педагогика-психологиялық семинар-тренинг өтті.

Іс-шараға төраға Мұқамғали Фариза Тілекқызы жетекшілік етті. Семинар барысында арт-терапия мен STEM элементтерін оқу-тәрбие үдерісінде тиімді қолдану жолдары қарастырылып, практикалық тапсырмалар мен тәжірибе алмасу ұйымдастырылды.

Семинар педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және заманауи оқыту әдістерін меңгеруге бағытталды.

Skip to content