Колледжде 9М-РУС-24-1р және 9М-РУС-25-1р топтары арасында мазмұнды дебат өтті. Іс-шараға Жұмалиева Нұрай Ерниязовна мен Курбанов Тағай Ахрорович жетекшілік етті.
Студенттер «Қоғамға “артық адамдар” қажет пе?» деген өзекті әрі күрделі тақырыпты талқылады.
Дебат барысында қатысушылар сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін, өз көзқарасын дәлелді жеткізе білу және қарсы пікірге құрметпен қарау дағдыларын көрсетті.
Әр тарап мәселенің философиялық, әлеуметтік және моральдық қырларын терең ашып, тыңдаушылар мен қазылар алқасын ойландырды.
Колледж әкімшілігі студенттер мен жетекшілерге белсенділік пен жоғары дайындықтары үшін алғыс білдіреді. Мұндай іс-шаралар студенттердің ойлау мәдениетін қалыптастырып, өмір мен кәсіби қызметте қажет болатын дағдыларды дамытуға ықпал етеді.