№151 «Бөбекжай-балабақшасының» білікті тәрбиешісі Батырбаева Сандуғаш Сарсентаевна колледж студенттеріне арналған «Заттық дамытушы ортаны қалыптастыру» тақырыбында мазмұнды әрі әсерлі мастер-класс өткізді.
Іс-шара барысында болашақ мамандар балабақшада балалардың дамуына қолайлы орта құрудың негізгі қағидаларымен, заманауи тәсілдермен және практикалық ұсыныстармен танысты. Теория мен тәжірибе ұштастырылған бұл мастер-класс студенттер үшін үлкен тәжірибе мен шабыт көзіне айналды.