2026 жылғы 10 ақпанда Алматы қаласы прокуратурасының тапсырмасы бойынша ALT Педагогикалық колледжінде студенттерге арналған деректі фильм көрсетілді. Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында есірткінің алдын алу, оның адам денсаулығына, өміріне және болашағына тигізетін зияны туралы түсіндіру.
Кино көрсетілімінің алдында студенттермен алдын алу бағытында түсіндірме жұмысы жүргізіліп, есірткі заттарының қауіптілігі, оның салдары және заң алдындағы жауапкершілік туралы ақпарат берілді.
Фильмді тамашалағаннан кейін студенттер өз ой-пікірлерімен бөлісті. Көпшілігі мұндай іс-шаралар жастардың санасын оятып, салауатты өмір салтын таңдауға және дұрыс шешім қабылдауға ықпал ететінін атап өтті.