ALT Педагогикалық колледжі оқу-әдістемелік жылдық жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 16 ақпан күні «Бастауыш және мектепке дейінгі білім беру педагогикасы мен әдістемесі» бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жаңа формация педагогі: инновациялар, ұлттық құндылықтар және заманауи білім берудегі шығармашылық ізденістер» атты декаданың ашылу салтанаты өткізілді.

Іс-шара барысында колледж ұжымы декаданың тақырыбымен, мақсат-міндеттерімен және жоспарланған іс-шаралар мазмұнымен таныстырылды. Арнайы пәндер оқытушылары шығармашылық форматта колледждің «галактикасы» тұжырымдамасын ұсынып, ондағы 12 түрлі «планетаға» тоқталып, әрқайсысының миссиясы мен ұранын жариялады.

Декаданың ашылуы педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға, инновациялық тәжірибелермен алмасуға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және білім беру үдерісіндегі шығармашылық ізденістерді дамытуға бағытталды.

Skip to content