9М-ПМНО-25-2р тобының студенттері кураторы Мырзабек Айгерім Кенжебекқызының жетекшілігімен қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Сәбит Мұқанов атындағы музейге барды. Экскурсия барысында студенттер жазушының өмірі мен шығармашылығымен танысып, қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесі туралы мол мағлұмат алды. Бұл сапар олардың рухани дүниесін байытып, әдебиетке деген қызығушылығын арттырды.