5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай Жоғарғы қазақ-түрік гуманитарлық-технологиялық колледжінде «Тіл – татулықтың тірегі» атты интеллектуалдық-шығармашылық конкурс өтті.
Байқауда 9М-Каз-25-1к тобының студенті Рахим Шырай арнайы номинация иегері атанды!
Студентіміздің бұл жетістігі – оның ізденісі мен білімге деген қызығушылығының нәтижесі.
Шырайды және жетекшісі Жүсіпбекова Гүлзияны шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындырып, толағай табыстарға жете беріңіздер!