Құрметті білім алушылар, оқытушылар және ата-аналар!

ALT Педагогикалық колледжінің ұжымы баршаңызды 1 қыркүйек — Білім күнімен шын жүректен құттықтайды!

Жаңа оқу жылы баршаңызға жаңа мүмкіндіктер, биік жетістіктер мен жарқын жеңістер әкелсін!

 Колледжімізге алғаш қадам басқан 1-курс студенттеріне ерекше қош келдіңіздер дейміз! Сіздерді қызықты студенттік өмір, жаңа достар мен үлкен мүмкіндіктер күтеді.

Сонымен қатар, жаңа оқу жылына арналған тәрбие сағаттары жоғары деңгейде ұйымдастырылып, студенттерге маңызды құндылықтар мен оқу жылына деген жаңа серпін берді.

Жаңа оқу жылы құтты болсын!

Білім жолындағы әр қадамыңыз сәттілікке бастасын!

Skip to content