ALT Педагогикалық колледжінде «EdTech-практики и цифровая трансформация образования» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.
Іс-шара барысында білім беруді цифрландыру, заманауи технологияларды енгізу және педагогикалық тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.
Конференцияға оқытушылар, студенттер және циклдік комиссия өкілдері қатысып, өзекті тақырыптар бойынша баяндамалар ұсынды.
Секциялық бағыттар:
* Жалпы білім беру пәндері және информатика
* Тілдер
* Бастауыш білім беру
* Дене тәрбиесі және спорт
Қатысушылар цифрлық платформалар, интерактивті әдістер, STEM-білім беру және инновациялық технологияларды қолдану тәжірибесімен бөлісті.
Қорытынды бойынша үздік баяндамалар дипломдармен марапатталып, қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Іс-шара марапаттау және фотосессиямен аяқталды.