Өндірістік тәжірибе аясында колледж студенттері Baby Skills және Junior Skills бағдарламалары шеңберінде подкаст форматындағы іс-шара өткізді.

Іс-шара болашақ мамандардың кәсіби дағдыларын дамытуға және балалармен қарым-қатынас орнату қабілеттерін жетілдіруге бағытталды.

Подкаст жүргізушісі – 11М-ДВО-23-1к тобының студенті Төлепберген Нурбота. Ол балабақша тәрбиеленушілерімен еркін сұхбат жүргізіп, олардың ой-пікірін тыңдады.

Балалар өз армандары мен болашақ мамандықтары туралы ойларымен бөлісті. Сонымен қатар тәрбиеші мамандығына деген көзқарастарын білдірді.

Іс-шара студенттердің коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға ықпал етті.

Қорытындылай келе, подкаст студенттердің кәсіби қалыптасуында маңызды тәжірибе болды.

Skip to content