Өндірістік тәжірибе аясында колледж студенттері Baby Skills және Junior Skills бағдарламалары бойынша ашық сабақтар өткізді.

Іс-шара болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін дамытуға, шығармашылық қабілетін арттыруға және педагогикалық шеберлігін жетілдіруге бағытталды.

Ашық сабақтарды 11М-ДВО-23-1к және 9М-ПМНО-23-1к топтарының студенттері ұйымдастырды. Олар заманауи әдіс-тәсілдерді қолданып, жоғары дайындық деңгейін көрсетті.

Сабақтар келесі тақырыптарда өтті:

* «Мен кішкентай тәрбиешімін»

* «Тәрбиеші – баланың алғашқы ұстазы»

* «Мамандығым – мақтанышым»

Сабақ барысында интерактивті әдістер, топтық жұмыстар және инновациялық технологиялар қолданылды. Бұл оқушылардың белсенділігін арттырды.

Ашық сабақтар студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, кәсіби дамуына үлкен мүмкіндік берді.

Қорытындылай келе, іс-шара жоғары деңгейде өтіп, өз мақсатына жетті.

Skip to content