9М-ИН-25-1Р тобының студенттері жетекшісі Серікқызы Шынардың бастауымен Ғарышкерлер күніне арналған танымдық іс-шараға қатысты.

Аталған шара Алматы политехникалық колледжі мен «Россотрудничество» ұйымының бірлесуімен ұйымдастырылып, ғылым, шығармашылық және ғарыш әлеміне терең бойлауға мүмкіндік берді.

Кездесу барысында студенттер шақырылған спикерлердің мазмұнды баяндамаларын тыңдады:

Виталий Ким — Фесенков атындағы астрофизикалық институттың жетекші ғылыми қызметкері, ғарыш және заманауи зерттеулер туралы құнды ақпаратпен бөлісті.

Ильяс Аутов — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Мотор-Роллер» тобының жетекшісі, қатысушыларға ерекше әсер сыйлап, «Мен Байқоңырға ұшып келдім» әнін орындады.

Людмила Лазарева — жазушы-фантаст, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Литературная Алма-Ата» альманахының бас редакторы, әдебиет пен ғарыш тақырыбының өнердегі көрінісі туралы баяндады.

Skip to content