2026 жылғы 13 наурыз күні Қалалық репродуктивті адам орталығының гинекологы мен психологы студенттер арасында ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында семинар ұйымдастырып, өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарға репродуктивті денсаулық туралы дұрыс әрі сапалы ақпарат беру, ерте жүктіліктің әлеуметтік және психологиялық салдарын түсіндіру, сондай-ақ студенттердің жауапкершілік сезімін қалыптастыру болды.
Семинар барысында қатысушыларға денсаулықты сақтау, жеке жауапкершілік, болашақты дұрыс жоспарлау және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы кеңінен түсіндірілді.
Мұндай іс-шаралар жастардың саналы шешім қабылдауына және өз өміріне жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.