2026 жылғы 17 ақпан күні колледж студенттеріне арналған «Жан дүниенің саулығы – өмір сапасының кепілі» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.

Тренингтің негізгі мақсаты – білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, эмоционалдық тұрақтылығын арттыру, күйзелістің алдын алу, өз-өзін тану және өмірге деген жағымды көзқарасты қалыптастыру болды.

Іс-шара барысында студенттермен танысу жаттығулары, сергіту ойындары, топтық жұмыстар, психологиялық тесттер мен релаксациялық әдістер жүргізілді. Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, ішкі сезімдерін ашық жеткізуге мүмкіндік алды.

Тренинг барысында жағымды психологиялық ахуал қалыптасып, студенттердің белсенділігі жоғары деңгейде болды. Олар бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасап, өзара қолдау көрсету дағдыларын дамытты.

Skip to content