13 ақпан күні ALT Педагогикалық колледжі базасында құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында маңызды кездесу өтті.
Кездесу барысында полиция қызметкерлері студенттермен кездесіп, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған маңызды ақпараттармен бөлісіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараға қатысқан мамандар:
— Куласбекова Айгерім Нұрланқызы — Алмалы ауданы ПБ ЖПҚБ ОТЗЗҚКБ-ның аға инспекторы, полиция майоры;
— Токтарбеков Рустам Бейсенгалиевич — Алматы қаласы ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты;
— Утебаева Мадина Джумакожаевна — Алмалы ауданы ПБ ҚҚБ ЮПБ учаскелік инспекторы, полиция капитаны.