12.02.2026 жылы Dr. Selçuk Türkmen АЛТ педагогикалық колледжіне арнайы келіп, «Мектепке дейінгі инклюзивті білім беру және оның әсері» тақырыбында тәжірибе алмасу презентациясын ұсынды.
Кездесу барысында мектепке дейінгі ұйымдардағы инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері, заманауи деректері мен ғылыми негіздері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар инклюзивті ортада білім алатын балалармен, әсіресе босқын және мигрант балалармен жұмыс жасау бағдарламасы таныстырылып, практикалық мысалдар көрсетілді.
Презентация оқытушылар үшін мазмұнды әрі кәсіби тұрғыда пайдалы болды. Халықаралық тәжірибе алмасу — болашақ педагогтерді даярлауда маңызды қадам екені тағы бір мәрте дәлелденді.