29-қаңтар күні Алматы қаласындағы №201 жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушыларына ALT Педагогикалық колледжі атынан профориентациялық жұмыс жүргізілді.
Кездесу барысында оқушыларға колледжде дайындалатын мамандықтар, оқуға түсу талаптары, оқу үдерісінің ерекшеліктері, сондай-ақ болашақ мамандықтың маңыздылығы мен мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берілді.