Оқытушы Мырзабек Әйгерімнің жетекшілігімен колледжішілік студенттер арасында дебат ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында студенттер екі командаға бөлініп, өз көзқарастарын дәлелдер арқылы қорғады. Қатысушылар пікірталас мәдениетін сақтай отырып, қарсы тараптың уәждеріне талдау жасап, өз ойларын еркін әрі нақты жеткізді.

Дебат студенттердің сыни және логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға, шешендік өнерін жетілдіруге және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етті. Студенттер жоғары белсенділік танытты.

Іс-шара соңында студенттерге грамоталар табысталды. Бұл олардың өзін-өзі дамытуға және болашақ мамандықтарына деген қызығушылығын арттырды.

Skip to content