2026 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының жанынан Көлік ғылымдары және технологиялық институтын құру туралы меморандумға қол қою салтанаты өтті.
Аталған меморандум көлік саласындағы ғылымды дамытуға, заманауи технологияларды енгізуге, ғылыми-зерттеу әлеуетін арттыруға және жоғары білікті мамандар даярлауға бағытталған. Институт көлік жүйесінің тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға арналған ғылыми жобаларды жүзеге асыруға үлес қоспақ.