2025 жылғы 4 желтоқсанда «Есірткі – өмірді құртуға апаратын жол» тақырыбында алдын алу бағытындағы тәрбиелік іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты – білім алушыларға есірткінің адам денсаулығы мен болашағына тигізетін зияны туралы түсіндіру, салауатты өмір салтын насихаттау және зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру. Шара барысында түсіндірме әңгімелер жүргізіліп, пайдалы ақпараттар берілді.

Іс-шара жастардың жауапкершілігін арттыруға және дұрыс өмірлік таңдау жасауға бағытталды.

Skip to content