Колледждің агит командасы, яғни белсенді студенттері қарттар үйіне барып, ардагерлермен кездесті. Іс-шараның мақсаты — аға буынға құрмет көрсетіп, оларға жылы көңіл мен қамқорлық сыйлау.
Кездесу барысында студенттер қарттардың өмірлік тәжірибесін тыңдап, жылы лебіздер мен шынайы алғыстар алмасты. Мұндай іс-шаралар жастарды адамгершілікке, мейірімділікке және үлкенге құрмет көрсетуге тәрбиелейді.