Кітапхана

Кітап – адамзаттың ең жақын досы және ақылшысы, даналық пен білімнің қайнар көзі. Кітап – білім қазынасының кілті һәм ойдың бұлағы болғандықтан, халқымыз оны киелі, қадірлі санаған. 

Адам баласына дүниеде кітаптан асқан дос, сырлас жоқ. Себебі, Мұхтар Әуезов айтқандай: «Кітап атаулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін «интеллигент бола бастадым»,- деп санауына болады»,- деген. Жас ұрпақтың санасына ойдың қазынасы болып табылатын кітапты ең қымбат сый ретінде ұқтыра білсек, сонда ғана балаларымыз біз армандағандай рухани кемел, терең ойлы, Отанына және асыл дініне адал текті ұрпақ болып өседі деп есептейміз.